Маңғыстау облысының 50 жылдық мерейтойы аясында өңірдің дін қызметкерлері Ақтау аумағына 50 түп ағаш отырғызды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Қала келбетін көркейту, аумағын аббаттандыру ісіне бір адамдай атсалысуды жөн көрдік. Қоршаған ортаны қорғау мен жасыл желектерге күтім жасау өзгелерге үлгі боларлық іс деп білеміз. Игілікті істің басы-қасында тәжірибелік-ботаникалық бақ басшысы Ақжүніс Иманбаева апамыз жүрді. Бұл бастамаға атсалысқан баршаға алғысымыз зор»,-дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.