Бүгін Ақтауда сағат 11:55 бастап электрдабылдар іске қосылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақпанның 8,9 күндері аралығында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі. Осы орайда тұрғындардан сабырлық сақтауды сұраймыз, деп жазылған ақпаратта.
Жаттығу ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен «2024 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша өткізіледі.