Ақтауда «Rixos Water World» қонақ үйінде қазіргі заманға сай интерпретацияланған этникалық «Bozjyra Fashion Week» сән көрсетілімінің II маусымы өтті,деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Сән көрсетілімінде сақ-массагеттердің аты аңызға айналған патшайымы, салқар сахара жауынгер қызы Томиристің образы ұлықталды. Патшайымның есімі ұлы Парсы падишахы Кирді шайқаста ойсырата жеңумен тарихта қалған.Томирис патшайым көшпенді тайпалардың басын құрап, жауларына лайықты тойтарыс беріп, халқының бостандығын сақтай алған.
- «Bozjyra Fashion Week» көрсетілімі арқылы тарихта өшпес із қалдырған түркі әлемінің нағыз батырлары туралы айтқымыз келеді. Бұл батырлар бүкіл халықты достықпен, бостандық рухымен, бір-біріне және түркі мұрасына махаббатпен біріктіре білген амазонкалар. Бұл маусымда қазақстандық және шетелдік дизайнерлер қатысатын үлкен Fashion Show өткіздік. Атап айтқанда шараға Alima Fashion House, ShakerBay Brand, Zhanna Kan Group - DAMIANI, CONSTELLA, LA PERLA, ZARDOZI премиум брендтерінің бірегей бірлестігі, NAYA BRAND - мұсылмандар киімінің жас дизайнері қатысты,-деді ұйымдастырушы Лурена Доскеева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша Bozjyra Fashion Week сән апталығының тағы да бір негізгі мақсаты өз істерін жаңадан бастап жатқан талантты дизайнерлерге қолдау көрсету.
- Ақтау қаласында мұндай апталық ауқымды масштабта алғаш рет өтті. Бұл болашақта әлемдегі этникалық сәнге әсер ететін тұтас қауымдастық құра алатын түркі әлемінің брендтері мен дизайнерлерінің бірегей коллаборациясын құрудың тамаша мүмкіндігі. Біз күш біріктіретін шығармашылық брендтер үшін керемет креативті құруға құмармыз, - дейді PR-маман және «Collabo Me» шығармашылық коллаборация агенттігінің бас директоры Жамиля Хангельдина.
Сонымен қатар Қазақстандық зергерлік бұйымдар бренді Dimash Silver еркіндік пен көркемдік идеясынан шабыт алған жаңа «Dimash Dubai Diamond» премиум топтамасын алғаш рет көрсетті.
- Бұл гаухар тастармен безендірілген таза күмістен жасалған шығарылымы шектеулі жаңа топтама. Өйткені, күміс - құнды металл, ал гаухар - ең бағалы тас. Dimash Silver әшекейлері қазақстандық және әлемдік сән көрсетілімдеріне жыл сайын қатысады. «Аққулар махаббаты» топатамасы Milan Fashion Week, Diversity Fashion Week, Jewellery Expo Dubai 2022 сән апталықтарында көрсетілген. Біздің дизайн қазіргі қазақ әйелінің эстетикалық түйсігімен тығыз байланысты. Махаббат, өнер, дәстүрді әр әшекей өзімен бірге алып жүреді. Біз заманға сай интерпретацияланған тарихи тамыры бар әшекейлерді жасаймыз,- деді «Dimash Silver»зергерлік бұйымдар брендінің негізін қалаушысы Алтынай Әшірбаева.