Ақтауда жастар күніне орай бадминтон ойынынан облыстық турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған турнир "Amanat" партиясы жанындағы «Jastar Ruhy» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ» акциясы өтті. Негізгі мақсат - жастар арасында спорттық ойынды насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
- Өздеріңізге мәлім «Есірткіге жол жоқ» акциясы облыс көлемінде қолдау тауып, әртүрлі бағытта іс-шаралар іске асуда. Соның бірі - осы қыздар мен ұлдар арасындағы бадминтон ойыны. Жарыс көптің көңілінен шықты. Алдағы уақытта шаралар легі жалғасады, - дейді Абзал Марат.
Турнирде үздік атанған 18 жас арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Айта кетейік, жарыс барысында Маңғыстау облысының аккредиттелген бадминтон қоғамдық бірлестігі федерациясының төрағасы Майлыбай Турбаев жастарға сәттілік тілеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар турнирді ұйымдастырушыларға алғыс айтты.