Ақтауда 16 шағынаудандағы 83 үйге қарсы автобус аялдамасына көлігін қойып кеткен 6 жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық полиция басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында аталған құқық бұзушылықты анықтаған.
«Патрульдік полиция батальоны инспекторларымен жүргізушілердің жеке бастары анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 601-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталды», - деп жазылған қалалық полиция басқармасы таратқан ақпаратта.