© архив
Ақтауда 17 тамыз күні Қазақстан Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай кемелер шеруі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
15 шағынауданында сағат 19:00-де Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің парадтық бөлімшелері салтанатты маршпен өтеді.
«Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблдері, «Алатау» мина тазарту кемесі, «Табиғат» және «Жайық» гидрографиялық кемелері жағалау бойымен өтіп, ақтаулықтарды айтулы датамен құттықтайды.
Сондай-ақ Ми-8 тікұшақтарынан суға тактикалық шабуыл жасау жоспарлануда. Шара Қарулы Күштердің әскери патриоттық орталығының республикалық ансамблі мен орталық әскери оркестрінің ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталады, - делінген хабарламада.