Mangystaumedia.kz редакциясы Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің шағымына қатысты берген жауабын өзгеріссіз жариялайды.
"Ақтау қаласында бұрын 6 қоғамдық дәретхана болған, оның екеуі жөндеуді талап еткен. Өздеріңіз білетіндей, Ақтау Қазақстанның туристік аймағы болып табылады. Көктем-жаз, сондай-ақ күз мезгілдерінде бізде басқа аймақтардан және жақын елдерден туристер көптеп келеді. Қала тұрғындарының, сондай-ақ қала қонақтарының көп баратын жерлері теңіз жағалауы, сондай-ақ саябақтар мен алаңдар. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың екінші тоқсанының басында қосымша модульдік дәретханаларды сатып алуға қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ кәсіпкерлер есебінен қосымша стационарлық дәретханалар салу мәселесі пысықталды. Екі стационарлық дәретхананың құрылысы кәсіпкерлердің қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Бұл «Приморский»(солдатский пляж) жағалау аймағындағы дәретханалар. Ал екінші дәретхана 7А шағын ауданындағы «I love Aktau» стелласының жанында. Бұл дәретханалар пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда олар пайдаланылуда және қала тұрғындарына тиісті қызметтер көрсетуде.
Модульдік дәретханаларға келетін болсақ, оларды жедел орнату және қызмет көрсетуді бастау үшін бұл дәретханалар мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорын арқылы сатып алынды. Модульдік дәретханаларды өздері орнатуға келісім-шарт белгілі бір жеткізушімен келіп түскен коммерциялық ұсыныстар негізінде жасалды. Айта кету керек, модульдік дәретханаларды жеткізуші бұған дейін жол бойындағы сервисті дамыту мақсатында «ҚазАвтоЖол» АҚ осындай дәретханаларды бірнеше рет жеткізген. Қалған қаражат модульдік дәретханаларды қосу және пайдалануға беру қажеттілігіне сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (сумен жабдықтау, кәріз және электрмен жабдықтау) жүргізуге бағытталды. Бұл модульдік дәретханалар ерлер мен әйелдер кабиналарымен, сондай-ақ балалы әйел мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелерімен жабдықталған. Дәретханалар вандалға қарсы элементтермен толық жабдықталған. Бүгінгі таңда бес модульдік дәретхананың 4-і пайдалануға берілді. Бесінші дәретханаға келетін болсақ, бастапқы жоспар бойынша ол «Ынтымақ» алаңына орнатылуы тиіс еді. Алайда, осы модульдік дәретхананың орналасуы болжанған аталған жер учаскесі жақын маңдағы тұрғын үйлерде тұратын тұрғындардың наразылығын тудырды. Осыған байланысты осы бесінші модульдік дәретхананы 14-ші шағын ауданның жағалау аймағында орнату туралы шешім қабылданды. Алайда, бұл учаске инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылу үшін нүктелерден алыс орналасқан. Сондықтан қосылу 20 күн ішінде жүзеге асырылады деп күтілуде. Өз тарапымыздан бұл шаралардың барлығы қала тұрғындарына, сондай-ақ қаламыздың қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданғанын хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қалалық ТҮКШ бөлімі тарапынан қаражат қызмет көрсетушіге алдын ала аударылғаны туралы мәлімдемесі бойынша, бұл жағдайда қызметтердің негізгі жеткізушісі қалалық әкімдікке 100% тиесілі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатынын айтқымыз келеді. Осыған байланысты қажетті материалдар мен басқа элементтерді, сондай-ақ дәретханаларды сатып алу процедураларын жүргізуге қаражат осы компанияға алдын-ала аударылды.
Шығындар сметасына сәйкес, осы модульдік дәретханаларды орнатуға сатып алу кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Модульдік дәретханалардың өзін, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, сондай-ақ құрылыс-монтаждау, жер және іске қосу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдарды сатып алу, сорғыларды қосу және сатып алу бойынша жұмыстар жекелеген кезеңдерде жүргізілді.
Осылайша, бүгінде қалада 12 қоғамдық дәретхана жұмыс істейді. Сондай-ақ 20 күн ішінде тағы бір қоғамдық дәретхананы пайдалануға беру жоспарлануда.
Модульдік дәретханалардың жалпы сомасы 87 млн теңге.
5 дана дәретхананың құны 61 млн теңге.
Әр дәретхананың құны 12 200 000 мың теңгені құрайды. 26 млн теңге көлеміндегі қалған қаражат инфрақұрылымды(су, электрмен жабдықтау және су бұру)жүргізуге бағытталды».