Күдіктінің айтуынша, ол тәркіленген есірткі затын Telegram мессенджеріндегі куратордың нұсқауы арқылы тауып, көрсетілген мекен-жайдан алған.
Алматы облысынан есірткінің ірі партиясын сату үшін келген жеткізуші ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
22 жастағы азамат осыдан екі ай бұрын курьер ретінде жұмысқа орналасқан. Маңғыстау облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны ЖЭО-2(ТЭЦ-2) аумағындағы өндірістік аумақта ұстады.
Белгілі болғандай, жас жігіт туристік аймаққа синтетикалық «альфа-PVP» есірткісін үлкен көлемде сату үшін келген. Жеткізумен айналысатын жігіт Ақтауда жалдамалы пәтерде тұрған. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан «альфа-ПВП» («жылдамдық») есірткісі оралған үлкен қара түсті байлам тәркіленді. Жалпы салмағы – 788 грамм.
Күдіктінің айтуынша, ол тәркіленген есірткі затын Telegram мессенджеріндегі куратордың нұсқауы арқылы тауып, көрсетілген мекен-жайдан алған.