Ақтау қаласы аумағында 22-26 сәуір аралығында “Мотокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мақсаты - мотокөлік жүргізушілерінің, оның ішінде кәмелетке толмағандар себеп болатын авариялық жағдайды болдырмау, сондай-ақ автожолдардағы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электрлі самокат пен мопедтерді басқаратын адамдардың жол ережелерін бұзудың алдын алу және анықтау.
«Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 60-тан астам мопед жүргізушілерін тексеріп, оларға қатысты 43 әкімшілік хаттамалар жасақтады. Бір күннің ішінде айыптұраққа 35-тен астам мотокөлік жабылды», деп жазылған полиция хабарламасында.
Ақтау қаласының ПБ мотокөлік иелеріне жолда өте мұқият болу, мотошлемдерді әрдайым пайдалану, ешбір жағдайда жол қауіпсіздігі нормаларын бұзбау, бірінші кезекте жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтау туралы ескертті. Бұл талаптарды елемеу жарақатқа немесе тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін.