Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға дейін Ақтау қаласының 25 шағынауданын 5 аймаққа бөле отырып, 919 км инженерлік желілерді, яғни су құбырын, кәрізді, жылытуды жаңғырту жоспарланған. Бүгінгі таңда 19 жобаны қаржыландыру мәселелері қарастырылуда, 1 кезең бойынша жобаның жалпы құны - 20,4 млрд теңге. Оның ішінде су құбыры бойынша-6 жоба, кәріз құбыры бойынша - 6 жоба, кәріз тазарту станциялары бойынша - 6 жоба және жылумен жабдықтау желілері бойынша - 1 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
-Оның ішінде биыл Ақтау қаласының 3а, 3б шағын аудандарында және аурухана қалашығында жылу желілерін қайта жаңарту басталды, жалпы ұзындығы 10,2 шақырым инженерлік желілер жаңғыртылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлініп, мердігер анықталды. Қалған шағынаудандарды жаңарту бойынша жұмыстар кезең - кезеңімен жүргізілетін болады, - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.