5 маусым күні кешкі сағат 23:30 шамасында 102 кезекшінің пультіне 28А шағын ауданындағы 6 үйге қарама-қарсы жол-көлік оқиғасы болғаны туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ДП-ға сілтеме жасап.
"Ваз 2115" автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 35-40 жас аралығындағы ер адамды қағып кеткен. Апат салдарынан жарақат алған ер адам оқиға орнында қайтыс болды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Сондай-ақ, марқұмның жеке басына қатысты дерек әлі анықталған жоқ.