Ақтауда «Шығыс-2» шағынауданының ішкі автомобиль жолдарына 2300 метр асфальт төселді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға 15 жұмысшы мен 11 техника жұмылдырылды. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұханның айтуынша, аталған шағынауданда жол құрылысына қатысты жұмыстар жалғасып жатыр.
- «Шығыс-2» шағынауданының ішкі автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда ішкі автомобиль жолдарына 2300 метр асфальт төселді. Жол құрылысы «Шығыс-2» және «Шығыс-3» шағынауданының басқа да көшелеріне жүргізіледі, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.