9 қаңтар күні сағат 22:20 шамасында 102-ге Жаңаөзен-Ақтау тас жолының 34/193 км жол-көлік оқиғасы туралы шақырту келіп түсті. Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісі Toyota Avalon автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың ПД сілтеме жасай отырып.
Апат салдарынан оқиға орнында алған жарақаттардан Mitsubishi автокөлігінің 69 жастағы жүргізушісі қайтыс болды, ал Toyota көлігінің 48 жастағы жолаушысы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Сонымен қатар, зардап шеккен бес адам Жаңаөзен қаласының ауруханасына жеткізілді.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Қарақия ауданы ББ ЕҚДБ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.