«Астана» сауда орталығының маңындағы кәсіпкерлер жаяу жүргінші жолының дәл қасында велосипедтерді жалға беріп, доп сатады. Ал бұған тұрғындар наразы, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай сауда - қауіпті.
"Балаларға жол жиегіне жақын жерде велосипедтерді жалға беру қауіпті. Сонымен қатар жолдың жанында доптар мен ойыншықтар сатылады. Кәсіпкерге бұл қауіпті жерді беру идеясы қайдан шықты? Бұл жаяу жүргінші жолында қайғылы оқиға болған. Тағы соны күтеміз бе?» – деп ашуланды қала тұрғындары.
Редакция Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімінен жауап күтуде.