Емханаға келушілер 7 шағынаудандағы емханада бірде-бір лифт жұмыс істемейтінін айтады. Тұрғындар жарақат алғандарға, қарттар мен балалаларға жоғары қабаттарға қалай көтерілу керектігі ойластырылмағанын айтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Біздің қалада өткен ғасырдың ортасынан осы «антиквариат» қалып қалған. Емделушілер тіпті үрейленетін шығар.
Аурухана қызметкерлерінің өздері бұл мәселе әкімдіктің құзырында екенін, емхана басшылығы мұны сұраудан шаршағанын алға тартып, қала тұрғындарынан лифтілерді заманауи лифтілерге ауыстыруға көмектесулерін сұрайды», - деп жазады тұрғындар.
Науқастар бұл мәселені денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық әкімдіктің назарына жеткізуді өтінді.
«Бұл мәселені қарастырыңыз, 21 ғасырда мұндай лифттердің болуы ұят», - дейді келушілер.
Ақтау әкімі бұл мәселені бақылауда ұстайтынын атап өтті.