Жол апаты түнгі сағат 02:30 шамасында болған. Кезекші пультке Рекон елді мекенінің жанындағы теміржол өткеліндегі жол-көлік оқиғасы туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасай отырып.
Лада Калина көлігінің жүргізушісі көктайғаққа байланысты рульді басқара алмай, теміржол өткеліне барып тоқтаған.
Зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.