Бұл туралы қала әкімі халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Ақтау қаласындағы үй жанында орналасқан шағын азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсімін болдырмау үшін қыркүйек айынан бастап қазан айының ортасына дейін кесте жасақталды. Аптасына екі рет түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізіледі. Баға өсіміне тосқауыл қою мақсатында Ақтау қаласында call-орталық толықтай іске қосылды. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында қаладағы 38 супермаркет пен 3 гипермаркетте әлеуметтік бұрыштар жасалып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушы бұрышы орнатылды. Қала аумағындағы ірі сауда желілерімен жасалған меморандумға сәйкес ауда үстемесінің 10 пайыздан аспауы қадағаланды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында биылға тұрақтандыру қорымен айналым механизміне 1,5 млрд. теңге бөлінді. Айналым схемасы аясында қала бойынша 2 кәсіпкермен 4 тауар түріне, атап айтсақ картоп, сәбіз, пияз және орамжапырақ сатып алуға жалпы сомасы 280 млн. теңгеге келісімшарт жасақталып, 0,1 пайыздық үстемеақымен несие берілді. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында облыс бойынша 1 347 тонна ұн, рожки макарон өнімі, ас тұзы, қарақұмық жармасы, қант, күріш және 58 248 литр өсімдік майы бар»,-деді Ербол Ізбергенов.