Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов Республика күні мерекесі аясында дене шынықтыру және спорт саласына үлес қосқан спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жастар - еліміздің ертеңі. Болашағы жарқын спортшылармен қаа тұрғындары мақтанады. Әрбіріңізге сәттілік тілеймін. Әлемдік ареналарда көк туымызды желбіретіп, ел мақтанышына айналысыздар деп сенемін»,- деді қала әкімі Ербол Ізбергенов.
Қала әкімінің алғыс хатымен боксшы қыздар марапатталды. Былғары қолғап шеберлерінің осы уақытқа дейін иеленген жүлделері де жетерлік.
Марапаттауға бокстан ҚР чемпионатының қола жүлдегері - Таңшолпан Дабыз, халықаралық турнир жүлдегері, Маңғыстау облысының чемпионы Айбегім Қажымұқан, Маңғыстау облысының чемпионы Көркем Берікқызы, Маңғыстау облысының чемпионы Сабина Сәрсенқожаева, ҚР чемпионатының жүлдегері Әйгерім Егдер және ҚР чемпионы, халықаралық турнир жүлдегері Аяулым Есбосынова қатысты.