Бұған дейін ақтаулықтар 14 а шағынауданындағы балалар ойын алаңының жөндеу жұмыстарының сапасын сынаған болатын. Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі бұл балалардың қауіпсіздігі үшін жасалған уақытша шара екенін айтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«14 А шағынауданында орналасқан балалар ойын алаңының бір бөлшегі (үй) сынуына байланысты уақытша резеңке жабынды төселген. Қазіргі таңда бөлшекті жаңадан орнату жұмыстары жүргізілуде», - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.