Ақтаудағы 20 ш/а орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары наразылық акциясын өткізді. Олар үй маңындағы жарықтың үздіксіз сөніп, қоқыстың шашылып жататынына наразы.
Тұрғын үй кешенінің құрылысын K7 Group («Құрылысшы 7» ЖШС) жүргізген. Құрылысшы компания нысанды тапсырыс берушіге 2021 жылдың қаңтарында тапсырды. Алайда осы күнге дейін тұрғын үй кешенінің инженерлік желілері қала билігінің балансына әлі берілмеген. Атап айтқанда, электр беру желісі әлі күнге дейін құрылыс компаниясының балансында.
"Осының негізінде Ақтау қаласының коммуналдық қызметтері желілердің жай-күйіне толыққанды мониторинг жүргізе алмайды. Ақтау қаласы әкімдігінің, прокуратураның және коммуналдық қызметтің уәкілетті тұлғалары үй тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы мәселені шешу үшін келесі күні Ақтау қаласының әкімдігінде кеңес өткізу туралы келісімге келді.
Ақтау қаласының әкімдігі осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетін азаматтарды құрылысшы мекемені жан-жақты бақылауды, құрылыс салуға қажетті құжаттардың бар-жоғын міндетті түрде тексеруді тағы бір рет ескертеді. Қосымша сұрақтар бойынша қала тұрғындары әрқашан Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласа алады», - деді әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
«АЭЖБ» МКК «Отырар сити» тұрғын үй кешеніндегі электр қуатының жиі өшуіне қатысты пікір білдірді.
«Электр таратушы компания 19.08.23 күні сағат 17:10-да ГПП-Прибрежная стансасында 206-шығарманың жоғары вольтты авариялық өшірілгенін хабарлады.
«АЭЖБ» МКК жедел тобы 19, 19а, 20 және 33 ықшамаудандарындағы үйлер қосылған 10 кВ 206 ГПП-Прибрежная - РП-33 ұяшықтары 19, РП-33 кіріс жоғары вольтты кабелінің зақымдануын анықтады.
«АЭЖБ» МКК жедел тобы зақымданған 10кВ жоғары вольтты кабельдің орнын анықтау және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты. Жөндеу жұмыстарына электр зертханалары мен кабельшілер бригадалары жұмылдырылды.
20.08.23 сағат 00:30-да екінші жоғары вольтты кабель 10 кВ 104 ГПП-Прибрежная - РП-33 ұяшыққа жөндеу жүргізілді. Салдарынан 19, 19а, 20 және 33 ықшамаудандарындағы үйлер 10 кВ жоғары вольтты кабель қалпына келтірілгенше жарықсыз қалды. 20.08.23 таңғы сағат 05:20-да 19, 19а, 20, 33 ш/а электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.
19, 19а, 20, 33 ықшам аудандарында қайталанатын ұзақ мерзімді өшірулерді болдырмау үшін құрылыс салушы РП-33 жүктемесін азайтуы қажет, атап айтқанда 20-05, 20-06 трансформаторлық қосалқы станцияны РП-18-ден жалпы ұзындығы 2200 метр ASB 3X240 маркалы екі кабельдік желімен қуаттандыру ұсынылады», - деп түсіндірді «АЭЖБ» МКК мамандары.
Құрылысшы «К7 Групп» ЖШС өз кезегінде PП18-ден бастап ТП20-05 және ТП 20-06 (Отырар Сити ТҮК) қосалқы станцияларына дейін желі тартуы керек.
Ал «АЭЖБ» МКК өз тарапынан РП18-дің техникалық шарттарын берді. Ақтау қаласының әкімдігі желілерді жүргізетін орынды беруге дайын.
Ал қоқыс мәселесіне қатысты Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «Каспий Оперейтинг» ЖШС-не 20 ш/а тұрғындарының ескертулерін қабылдап, мәселені жою туралы хабарлама жолдады.