Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылдық округінде «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында көше шамдары ауыстырылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мердігер мекеме «Шебер құрылыс» ЖШС ауылішілік көше жолдарын жарықпен қамтамасыз ету мақсатында бағаналарды орнату, LED шамдарын ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ауыл әкімі Сауыт Айтбаевтың хабарлауынша, аталған бағдарлама аясында 177 жаңа бағана, 2000 дана лэд шам орнатылады.
- Қазіргі таңда , Шерқала, Самал , Тамшалы шағын аудандарының 11, 12 көшелері және Хазар , Астана , Алматы, 7-көшесінің шамдары ауыстырылды. Сонымен қатар , Шерқала , Самал , Тамшалы 1-көшелеріне және Қызыл төбе карьер тас жолының Батыр ауылына кіреберіс тұсындағы тас жолдарына жаңа бағаналар орнатылды,-деді Сауыт Айтбаев.
Айта кетейік, бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.