Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Қамалиев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Бұрын Ақтау-Баку арасында күн сайын қатынайтын рейс енді аптасына 1 рет орындалмақ. Қазақстан короновирустың әлем бойынша таралуына байланысты бірқатар елдермен әуе қатынасы шектеді.
«Mahan Air» әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстері биылғы 1 наурыздан бастап тоқтатылды. Сондай-ақ осы жылдың 5 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан – Баку рейсі тоқтатылады. Алматы – Баку рейсі 5-тен 1 рейске, Нұр-Сұлтан – Токио әуе бағдары 2-ден 1 рейске дейін қысқартылды.
«Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, билеттері бар жолаушылар ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билет алған орны бойынша айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде қайтара алады», — деді Берік Қамалиев.
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН