Ақтау қаласындағы «Мәңгілік алау» монументі жанында Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты Тағзым эстафетасы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған игілікті іс 2018 жылғы Душанбе қаласында ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен Жеңістің 75 жылдығын мерекелеудің негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілді.
Елдік маңызы зор эстафетаның алауы Алматы қаласында алғаш рет жағылған еді. Ұлттық ұлан сарбаздарының қолына тапсырылған белгілі Панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік туы бүгін Ақтау қаласына жеткізіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 6656 әскери бөліміне тапсырылды.
Сондай-ақ, шарада соғыста от кешкен майдангерлер есімі ұлықталып, батыр бабалар рухына тағзым етілді.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН