Волонтер жастар қайырымдылық үшін Жаңаөзен қаласындағы «Buycool» дәмханасында тегін қызмет етеді, - деп хабарлайы mangystaumedia.kz сайты.
Олар тапқан нәпақасын көмекке зәру жандардың игілігіне жаратады. Таяуда ғана бір топ волонтердің еңбекақысы кішкентай бүлдіршіннің ем-домына аударылған. Бекітілген тізім бойынша әр волонтер өзгелерге көмек көрсету үшін айына екі рет тегін қызмет етеді.
2020 жылы Волонтерлар жылына орай тегін даяшы акциясын өткізіп жатырмыз. Біз осындай жолмен көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын соза аламыз деп ойлаймыз, - дейді волонтер даяшы Дарын Оспан.
Ал дәмхана иесі Талғат Байкулов Жаңаөзен жастарының бұндай мардымды ісі көпке үлгі болуы керек дейді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН