Жаңаөзен қаласынан бой көтерген «Ұлы дала оқу орталығы» мұнай саласының мамандары үшін біліктілікті арттыру сабақтары мен бизнес тренингтер өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сондай-ақ, бұл оқу орталығы техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі жөнінде білім береді. Орталық басшысы Қуандық Тоғжанов «Нұр капитал» бағдарламасымен 30 млн теңге көлемінде 1 пайыздық несие алып, 10 млн теңге инвестиция бөлген. Бұл күнде оқу орталығында 5 мұғалім дәріс өткізіп жатыр.
28 жастағы жаңаөзендік кәсіпкер орталықтың басты мақсаты білікті әрі сауатты мамандар қатарын көбейту дейді. Сонымен қатар, Қуандық Тоғжанов алдағы уақытта шетелдік мамандардың да шақырылатынын айтты.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН