Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әлеуметтік желіде "Ақтауда Қытайдан оқудан келген студенттен коронавирус белгісі табылған"(ред) деген мәтінде тараған хабарламаны МО Денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды.
- Әлеуметтік желідегі ақпарат жалған. Қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты оқу-жаттығу өткізіліп жатыр. Сенімсіз ақпарат көзінен келген хабарларға сенбеңіздер, - деді ведомствадан.
Айта кетейік, вирустың бұл түрімен елімізде ешқандай адам тіркелмеген.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ