Бостан ауылындағы Мәдениет үйінде Қарақия ауданының әкімі Беков Қыдырберді Әндірұлы және Бостан ауылының әкімі Асанов Шаттық Сырымұлының есептік жиыны өтті.
Кездесуге Маңғыстау облысы жолаушы көлігі, автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мейірманов Серік Жандайұлы, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Мееров Ахмет Қалжанұлы, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы және аудандық бөлім, мекеме басшылары және Бостан ауылының тұрғындары қатысып отыр. Есептік баяндамалардан кейін сұрақ-жауап, ұсыныс-пікірлерге кезек беріліп, хаттамаға алынды. Есептік жиын тікелей эфирде өтті.
Бостан ауылдық округіне Бостанқұм, Қызылсу елді мекендері кіреді. Жалпы халық саны – 2035. Ауыл шаруашылық саласы бойынша 58 жеке шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдық округ бойынша – 19 272 бас мал тіркелген. 2019 жылы ауыл бойынша 61 адам жұмыссыздыққа тіркеліп, жұмыспен қамтылды.
Байланыс жүйесі «Қазақтелеком» АҚ –мен қамтамасыз етілген. Спутник «Дама» антенасымен және интернет оптоволоконный желімен тартылған. Ауылда «Kcell», «Altel», «Tele – 2», «Activ», «Beeline» ұялы байланыс жүйелері жұмыс жасап тұр.
- Ауыл ішілік 2,8 шақырым жолды асфальттауға ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті.
- Ашық спорт алаңы, балалар ойын алаңы, воркаут алаңы салынып, пайдалануға берілді.
- 2014 жылы салынған балалар ойын алаңымен ашық спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді.
- Спорт зал құрылысын салу бағытында мемлекеттік жеке әріптестік негізінде жер телімі аукционға шығарылып, Ақтау қаласының кәсіпкері жеңіп алды. Қазіргі таңда спорт алаңының құрылысы басталуда.
- Ауыл ішілік 400 метр «Ақжол» ЖШС-і демеушілігімен қатқыл табанды жол төселді.
Шынар КЕНДІН