Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, қаңтардың 23-25-і аралығында Тель-Авивте өтетін бәсекеде 85 елден 583 спортшы бақ сынайды. Жарыс жеңімпазы 700 ұпайға , күміс жүлдегерлері 490 ұпайға, ал қола жүлдегер 350 ұпайға ие болады.
Айта кетейік, ұлттық құрама сапындағы ақтаулық дзюдошы Руслан Мусаев әлемдік рейтингте 447 спортшы арасында 1205 ұпаймен 43-орында тұр. 81 келі салмақта боз кілемде белдесетін спортшының алдағы нәтижелері оның Олимпиада ойындарына деген үмітін айқындамақ. Ал қыздар арасында 52 келіде сынға түсіп жүрген ұлттық құрамадағы маңғыстаулық Анна Казюлина әлемдік рейтингте 265 дзюдошы арасында 742 ұпаймен 53-орында.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ