Ақтау қалалық әкімдігінде әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қоғамдық көліктерде тегін жүруін субсидиялау тақырыбында брифинг өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашевтың хабарлауынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1.Мүгедектер (1-топ, 2-топ);
2.Көп балалы аналар.
3.Бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектер;
4.Чернобыль атом станциясы апатының мүгедектері;
5.Ақтау қаласының құрметті азаматтарының тегін жүруі уақытша тоқтатылған.
Субсидия төлеу мəселесі шешілгеннен кейін, наурыз айынан бастап, осы санаттағы 9 500 азамат тегін қызмет алушылар қатарына қайта қосылады.
ҚР-ның 04.07.2003 жылғы Автомобиль көлігі туралы заңының 20 бабына сəйкес, 7 жасқа дейнгі балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді және 7 жас пен 15 жас аралығындағы балалар 50% жеңілдікпен жол жүру құқығына ие.
10 жылдан бері әкімдіктің ұсынысымен, тасымалдаушы мекемелердің қолдауымен келесі санаттағы азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүріп келді:
1.Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектері;
2.Тыл ардагерлері;
3.16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
4.Ұлы Отан соғысында қайтыс болған ардагерлердің жесірлері;
5.«Алтын алқа» және «Күміс алқа»-мен марапаталған батыр аналар;
6. Мүгедектер (1-топ, 2-топ);
7.Бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектер; 8.Чернобыль атом станциясы апатының мүгедектері;
9.Ақтау қаласының құрметті азаматтары.
Одан басқа, 2019 жылдың сәуір айынан бастап, көп балалы аналар да қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болған еді.
Айта кетейік, бүгінде қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы 50 теңге. Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2019 жылғы шешімімен қоғамдық көліктердің жол жүру ақысы 70 теңге болып келісілген болатын.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН