«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарлама аясында, көп балалы отбасыларды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, көп балалы отбасылардың келісуімен ауданы 60 шаршы метрден аз болатын тұрғын үй сатып алу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған орай, Ақтау қаласының әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тізімінің кезегінде 21.05.2003 жылдан - 02.07.2014 жылға дейін тіркеліп тұрған 132 көп балалы отбасыға тұрғын үй бөлу жоспарлануда. Осыған байланысты, көп балалы отбасылар 4 шағын аудан, Ақтау қаласының ғимараты, 1 қабат, қызмет көрсету орталығы, 4 терезеге төмендегі аталған құжаттарды жинап тапсыруы қажет:
1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
4) аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
5) басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімін ұсынады;
6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесін (құжатты салыстыру үшін) не тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама бюросының немесе селолық округ әкімнің анықтамасын (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
7) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);