Жаңаөзен қаласы әкімінің өкімімен Жанабай Аймаганбетов Усембаевич «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің» басшысы қызметіне қабылданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жанабай Аймаганбетов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып, "Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және спорт жаттықтырушысы" мамандығын тәмамдаған. Сонымен қатар Қазақстан инновациялық және теллекомуникация университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білімін жетілдірген.
Еңбек жолын 1994-2000 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы №14 орта мектептен Ұйымдастырушы және денешынықтыру мұғалімі қызметінен бастаған.
2000-2002 жылдар аралығында №14 орта мектеп денешынықтыру мұғалімі;
2002-2005 жылдары №6 орта мектепте дене шынықтыру мұғалімі;
2005-2009 жылдары Жаңаөзендегі қалалық педагогикалық технологиялар орталығында денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық әдіскері;
2009-2011 жылдары Жаңаөзен қалалық білім бөлімінде жетекші маман;
2011-2013 жылдары Жаңаөзен қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары;
2013-2014 жылдары №14 орта мектеп директоры;
2014-2018 жылдары Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінде бас маман;
2018-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.