Маңғыстау облысының тұрғыны М.Кабиева зейнет жасына бір жыл 6 ай қалғанда жұмыстан шығарып жібергенін айтып, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалына арыз түсірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
М.Кабиева Маңғыстау облыстық ІІД-де еден жуушы болып жұмыс жасаған болатын. Жұмыстан қысқартуға байланысты шығарып жіберген.
«Аталған дерек бойынша «Nur Otan» партиясы МОФ заңгері облыстық ІІД-нің персоналды басқару бастығы А.Көшеновпен хабарласты. «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссияның оң шешімінсіз ҚР Еңбек Кодексінің 52-бабы 1 тармағының 2-4 тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзуға жол берілмейді деген талаптарын түсіндіргеннен кейін М.Кабиеваны қайтадан жұмысқа алатын болды. Екі тарап келісімге келді», - деп мәлімдеді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
М.Кабиева өз мәселесін шешіп берген «Nur Otan» партиясы МОФ қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА