ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Қаныбек Жұмашев тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық әкімдігіне сілтеме жасап. Қаныбек Бекболатұлы 1970 жылы Маңғыстау облысының Жетібай ауылында туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамында инженер-химик қызметінен бастаған. 1997-2010 жылдары білім саласында басшы лауазымдарында қызмет атқарды және Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі болды. 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2015 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметін атқарып келді.
Суретті МО әкімдігі ұсынды