Сәуір айының 3-інен бастап «Ақтау – Бейнеу», «Бейнеу – Ақтау» қалааралық автобустары жүре бастады. Әзірге, жаңадан ашылған автобус маршруты сынақ мерзімінде қатынап отыр. Егер Бейнеу селосы мен Ақтау арасында жолаушылар автобуспен жүруді қолайлы көрсе, 2 айдан кейін тұрақты маршрут іске қосылады дейді жауапты диспетчерлер.
Whats App әлеуметтік желісі арқылы таралған ақпарат бойынша, автобус Ақтаудағы 28 ш\а орналасқан автовокзалдан 15:00-де шығады, Бейнеу селосындағы автовокзалдан да 15:00-де шығады.
Ақтаудан шыққан автобус Бейнеуге 5 жарым, 6 сағатта жетеді екен.
"Әзірге автобус жолаушылары жиналмағандықтан 18 адамдық Mersedes микроавтобусы қатынап жатыр. Егер жолаушылар көбейсе, бірден үлкен автобус жүреді. Оның маркасы – «SETRA» неміс көлігі, бір автобусқа 50 жолаушы сыйып кетеді, - дейді жауапты диспетчер.
Сонымен, «Ақтау – Бейнеу» бағыттары жүретін маршруттың құны 1 бағытқа – 2500 теңге.
Ал «Маңғыстау станциясы – Бейнеу селосы бағыттары бойынша пойыздың жүру құны (плацкарт) 1600 теңгеден – 2200 теңгеге дейін, ал купе - 2500 теңгеден – 3500 теңгеге дейін. Яғни, билеттің бағасы жолаушының қай пойызбен жүретіндігіне байланысты. Мәселен, «Маңғыстау – Атырау» пойызымен Бейнеуге барсаңыз, 1658 теңгеге билет ала аласыз.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Уақытында тіркелгендер ұтадыБұған дейін Бейнеу мен Ақтау арасында жолаушылар жеке көлігімен, пойызбен, кейде таксимен қатынап жүрді. Такси мен автобустардың жүру жылдамдығы шамамен бірдей екенін ескерсек, таксидің құны 5000 теңгеден асып кетеді.
Егер «Ақтау – Бейнеу» бағытында автобустардың тұрақты қатынағанын қаласаңыз, бұл мәліметті жақын-жуыққа бөлісу сұралады. Егер сынақ мерзімінде автобусты қажетсінетін жолаушылар көбеймесе, бұл бағыт жабылып қалуы бек мүмкін.
Бұл бағыт бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз болса, мына нөмірге хабарласыңыз.
Диспетчер 8778 530 04 54, 8771 570 53 00, 8(72932) 5-04-52, аvtovokzal-beineu@mail.ru
Айгүл ДӘДЕН