Ақтауда 19 «А» және 33 шағынаудан аралығындағы 25 автомобиль жолын кеңейту жұмыстары басталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолды кеңейту жұмыстары 13 қазанда басталады. Алайда бірінші кезекте жаяу жүргіншілер жолын демонтаждау жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары кезінде жолдың бір бөлігі яғни, 19«А» шағынауданы бағыты жабылады», - дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
Енді аталған шағынаудандағы жол 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтіледі.
Ал құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр.