Былтырғы мүлік салығын төлеу мерзімі биыл 1 қазанға дейін міндеттелгенімен, Маңғыстау облысында мүлік салығын 65 454 адам төлемеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық МКД-ға сілтеме жасай отырып.
Олардың жалпы борышы 135,4 млн. теңгені құрады. Борышкерлер арасында 369,9 мың теңге сомасында мүлік салығын төлемеген Ақтау тұрғыны анықталды
"Төлем мерзімі өткеннен кейін салықтан жалтарғандар банк қызметіне жүгіне алмайды, оның ішінде шоттар аша алмайды, аударымдар жасай алмайды, несие ресімдей алмайды. Мерзімі өткен әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, тиісиі салық бұйрықтары борышкерлердің шоттарын ұстай алатын және олардың елден шығуын шектей алатын сот орындаушыларына жіберіледі. Сондай-ақ сот орындаушылары берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша төлем өндіріп алады ", – деп хабарлады ведомство.