Маңғыстаулық әнші Бауыржан Ретбаев Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай Парижде өткен концертте өнер көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық мәдениет, мұрағат және құжатнама басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЮНЕСКО-ның Париждегі Штаб-пәтерінде Қазақстанд өнер қайраткерлерінің қатысуымен КСРО халық әртісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толуына арналған концерт өтті.
Аталған концерт аясында Париж сахнасында Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ринат Гайсин, Жұбаныш Жексенұлы, Медет Шотабаев, халықаралық конкурстардың лауреаттары Бауыржан Андержанов, Динара Қайырова, Нұрия Кәрімбаева, Бауыржан Ақтаев, Ерке Есмахан, Бауыржан Ретбаев, республикалық конкурстардың лауреаттары Сәулежан Тағзия, Нарғыз Қасымова, Мөлдір Қойысова, «Сұлу» тобы, сонымен бірге «Сазгер» сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.
ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы енген. Осы ретте еліміздің аңыз тұлғасының мерейтойы ЮНЕСКО-да аталып өтті.