Ақтау қалалық сотында үй ауласында мысықты қорлаған азаматтақ қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды (ҚК 316-бабының 1-бөлігі), mangystaumedia.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот Д. есімді азаматтың қорғансыз мысықтың басына қасақана секіріп, зақым келтірген істі қарады. Прокурор айыпталушыны қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартып, оған 60 сағат тағайындауды сұрады.
Сот барысында айыпты Д. өзінің кінәсін толық мойындады. Кешірім сұраған ол өзінің бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.
Мысықтың зардап шеккеніне әкеп соққан қатыгездік әрекеті үшін айыпталушы азаматқа 120 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл немесе немесе 120 сағатқа дейінгі уақытқа қоғамдық жұмыстарға тарту, сонымен бірге 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.
"Сотталушының кінәсі жауап алу хаттамасымен, бейнежазбамен, ветеринардың қорытындысымен дәлелденді. Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдайлар барын ескеріп, сотталушының кінәсін толық мойындауына байланысты оның шын жүректен өкінгенін ескерді. Сол себепті жазаны ауырлататын жайттар анықталған жоқ", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен азамат Д.-ға қоғамдық жұмыстарға 60 сағатқа тарту түріндегі жаза тағайындалды.