Маңғыстау облысының суретшілері үшін Шерқала және Айрақты тауының маңында шеберлік сағаты өтті. Оған 30-дан астам студент пен тәуелсіз суретшілер қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме бере отырып.
Шеберлік сағатында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әлішер Жүргенов пейзаж жазу бойынша жас суретшілерге этюд салудың тың техникаларын көрсетті.
Жалпы шара екі күнге созылмақ. Бүгін шараның екінші бөлігі өтеді. Онда суретшілер теңіз жағасында жиналып, Каспийді суреттейді. Оны ҚР Суретшілер одағының мүшесі Асемқұл Бейбіт өткізеді. Бірінші сабақта өңірлік суретшілер пейзаж жазудың қыр сырын меңгерсе, бұл жолы абстракция жазу бойынша кескіндеме шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
- Бүгін тау етегінде өткізіліп отырған шеберлік сағаты «Ақтау қалалық суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жеті түс» жобасын жүзеге асыру арқылы бейнелеу өнерін дамыту мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін де, жыл басынан бері бес осындай шеберлік сабағы өткізілді. Барлығымыз білеміз, Маңғыстау тарихи нысандарға бай өлке, бояу политрасы да сан түрлі. Егер біздің суретшілеріміз осылай жиі табиғат аясына шығып, өз ісінің шеберлерінен сабақ алып тұрса, бұл өлкеден көптеген талантты суретшілер шығатынына сенемін, - деді ұйымдастырушылардың бірі «Өнер» галереясаның басшысы Аймұрат Таңатов.