Иттің қорланғаны жөнінде әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Бауыржан есімді азамат түсініктеме берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- «ОРС» базасында гаражды жалға алып жұмыс істеймін. Кешкісін жұмыс орныма келгенде жағымсыз иіс байқадым. Содан соң құбырдың астында жатқан иттің өлексесін көрдім. Иттің өлгеніне 4-5 күн болған сияқты деп топшыладым, өйткені исі өте жағымсыз болды. Сондықтан өлексені көлігіме тией алмай, сүйреп қоқысқа апардым. Бұл әрекетім әлеуметтік желіде тарап кетіпті. Кешірім сұраймын, - дейді Бауыржан.
Айта кетейік бұған дейін осы оқиға бойынша Ақтау қаласының прокуратурасы қылмыстық кодекстің 2-бөлігі, 316 бабы, жан-жануарларды қорлау бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.