Ақтауда театр өнерінен республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында өтті. Шараның мақсаты - балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту.
Байқау 4 номинация бойынша өтті. «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль«, «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ қойылымы».
Шараға аудан, қаладан 8 команда 56 адам қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша гран приді Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының «Шамшырақ» театры, I орынды - Ақтау қаласы, №28 мектептің «Маңғаз» театры, II орынды - Мұнайлы ауданы, №1 мектептің «Өнер өрісі» тобы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің «Талант драма» үйірмесі, III орынды Мұнайлы ауданы, №4 мектептің «Өркен балалар» театры, Жаңаөзен қаласы, «Оқушылар» шығармашылық үйі, «Асыл сөз» тобы, Маңғыстау ауданы, Ә.Жангелдин атындағы ЖББМ, «Жас өрен» театры иеленді.
«Үздік әйел рөлі» номинациясын Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің оқушысы Гаухар Абдулла, «Үздік ер адам рөлі» номинациясын Мұнайлы ауданы, №1 мектеп оқушысы Рақымжан Тасқынбай, «Көркем сөз» номинациясын Маңғыстау ауданы, Ә. Жангелдин атындағы мектеп оқушысы Айбану Қылышбайқызы, «Образды үздік актерлық бейнелеу» номинациясын Қарақия ауданы, № 3 мектептің «Жұлдыз» тобы алды.