Өткен жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласындағы 17 шағынауданда қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен студенттерге арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталған болатын. Аталған нысан биыл жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғимарат 5 қабатты 3 блоктан тұрады. Жалпы ауданы — 10 723 м2. Жатақхана жобасының құрамында 2 және 3 орындық бөлмелер, медициналық пункт, буфет, оқу бөлмесі, жиналыс залы, киім жуу бөлмесі қарастырылған. Нысан құрылысы NCOC мекемесінің демеушілігімен жүргізілуде.
Қазіргі таңда, нысанда ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілер жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
-Бүгінгі таңда жоба 80%-ға дайын. Жатақхананы пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отыр. Мердігер — «Темір Строй Сервис и Ко» мекемесі, - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің мамандары.