Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының тұрғыны жеке пәтер иелері кооперативінің дұрыс жұмыс жасамайтындығын айтып шағымданды. Желі қолданушысының сұрағына Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасай отырып.
Тұрғынның айтуынша, көпқабатты үйдегі подъездер уақытылы тазаланбай, үйдің ауласы да сыпырылмайды екен. Желі қолданушысы жауаптылардан дұрыс жұмыс жасамайтын жеке пәтер иелері кооперативіне шара қолдануды сұраған. Тұрғынның сауалына Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының өкілдері жауап берді.
- Тұрғындар көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсетуші жеке пәтер иелері кооперативін өздері бекітеді. Меншік иелері көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсету бойынша жүргізілетін жұмыстарға көңілдері толмаған жағдайда олар қызмет көрсетуші компаниядан бас тартуға құқылы. Ол үшін пәтер иелері жиналыс өткізу қажет. Жиналыста көпшілік дауыспен қызмет көрсетуші компанияны ауыстыруларына болады. Негізі көппәтерлі үйлерге мүлік иелері бірлестігін құруға кеңес береміз, дейді Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының өкілдері.
-Жалпы жеке пәтер иелері кооперативінің мәселелері облыс әкімінің телеграм каналында көп көтеріледі. Жуырда Ақтау қаласының тұрғыны осы мәселені тағы қозғаған болатын. Желі қолданушысының сауалына Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының мамандары жедел жауап берді. Жауаптылар тұрғындарға қызмет көрсетуші компанияның жүргізілетін жұмыстарына көңілдері толмаған жағдайда, бас тартуға құқылы екенін айтты.