Маңғыстаулық Александр Шарин суға батып бара жатқан екі қызды құтқарған. Содан кейін бірден танымалдылығы артты. Бұл туралы Александр Шаринның әйелі мақтанышпен айтуда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Золотое солнышко"демалыс базасында екі қызды аман алып қалған соң, күйеуім ел ішінде батыр деп танылды. Тұрғындар
оны танып, әрекеті үшін мақтан тұтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр. Күйеуімнің батыл әрекеті үшін қала әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қабылдауында болдық", - делінген жазбада.
Оның айтуынша, шаһар басшысы ерлік танытқан тұрғынға алғыс хат табыстап, бес жұлдызды Rixos Water World Aktau қонақүйінде отбасымен демалу үшін сертификат сыйлаған. Өз кезегінде қала тұрғыны қала әкіміне және халыққа алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, жақында Александр Шарин Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен және Департамент бастығының бұрығымен Алғыс хатымен марапатталған болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА