Маңғыстауда Salem social media ұсынған жаңа “1286” жобасының түсірімі басталды. Фильмде Қазақстандағы еңбек құлдығы туралы мәселені көтереді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға барысында Аман есімді мықты дәрігер кездесоқ қарақшылардың қолына түсіп қалады. Олар оны еліміздің екінші жағына апарып, тегін жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Алдымен «1286» жобасының режиссері Әлішер Утев (Rocket stories) 15 тамызда Текелі қаласының маңында түсірілім жұмыстарын бастаған. Ал 3 қыркүйекте түсірілім негізгі орында, яғни Ақтаудан 139 шақырым жердегі Форт-Шевченко қаласының маңында жалғасты.
«1286» тобы түсірілім кезеңінің негізгі бөлімін басталды. «1286» құрамында «5:32» командасының негізгі мүшелері бар. Қоюшы- режиссер, сценарист және продюсер - Әлішер Утеев, қоюшы-операторы - Бағдат Арғынов, жобаның музыкасын Роберт Зиганшин жазған. «1286» фильмінің түсірілімі қазан айының басына дейін жалғасады", - делінген ақпаратта.