Желі қолданушысы видео жүктеп, бұл өрттің бір бөлігі екенін ғана жазған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Ауасы таза, орманы шипа, әулиелер мекен еткен, игі жақсылар өмірге келген Аманқарағай. Ыбырай бабам Торғайда мектеп салам деп түйемен ағашыңды тасып еді Аманқарағай. Ұлт көсемі Ахаң ұстаздық қылған жер едің, Аманқарағай.
Өртенген дүние орнына келер, отқа оранған ағашың қайта көктер, адамың аман болсын, Аманқарағай!" - делінген жазбада.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда "АMANAT" партиясы өңірлік филиалы және Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығынан Қостанай тұрғындары үшін гуманитарлық көмек қабылдайтын пункт ашылды.