Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге заманауи техникалық құралдар үлкен үлес қосуда. Мысалы, Маңғыстау өңірінде “Кибер-шериф” кешендері қызмет атқарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа құрылғылардың мүмкіндіктері жоғары: үш қатар жолаққа бақылау жасап, автокөліктерді 150 метр қашықтыққа дейін тіркей алады. Қазіргі уақытта бұл құрылғы өңірімізде қалыпты деңгейде жұмыс істейді, олар жол жүру ережелерін бұзатын жүргізушілерді мемлекеттік тіркеу белгілерін тани отырып, инспекторды одан әрі хабардар етеді, іздестіру базалары бойынша объектілерді автоматты түрде тексереді, оларды тіркейді және бейнеге жазады.
Адам факторын алып тастау осы құрылғы тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Толық автоматтандыру барлық деректерді серверге жылдам сақтауға, өңдеуге және жіберуге, бірнеше іздеу базаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. "Кибер шериф" көлік құралының іздеуде екендігін лезде анықтауға мүмкіндік береді, ал бүйірлік камералар жаяу жүргіншілердің тұлғаларын сот пен тергеу органдарынан жасырынып жүрген адамдар базасымен автоматты түрде салыстыра отырып, оларды бірден таниды.
Жол апаттарының орын алуының ең көп таралған себебі – жылдамдықты арттыру. Сондықтан, жүргізушілердің жауапкершілік деңгейлерін жоғарылату үшін техникалық бақылау құралдары қолданылады.