Бүгін алғаш мектеп сыныбын аттаған маңғыстаулық бүлдіршіндерге "Әліппе" және "Букварь"сынды кітаптары табыс етілді. Оқушылар алғашқы қоңырауды әдеттегідей режимде өткізе алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Салтанатты іс-шараның бірі - Ақтаудағы № 11 мектепте өтуде. Оқу ошағы шарлармен безендіріліп, әуезді музыка келушілердің көңілін көтеруде. Жиын ашық ауада басталып, оған оқушылар, педагогтар мен ата-аналар қатысты.
Аталған мектеп-лицейдің директорының міндетін атқарушы Бақтияр Алпысбаевтың айтуынша, биыл барлығы 150-ге жуық бала бірінші сыныпқа келген.
- Бізде бірінші алты сынып бар. Барлығының көңіл-күйі керемет. Біз үшін бұл ерекше жыл болды. Себебі, біздің мектеп Қазақстанның үздік 20 мектебінің қатарына енді. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш. Бұл ұстаздарымыздың еңбегі екені сөзсіз, - деді Бақтияр Алпысбаев.