Жаңа оқу жылының қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 154 мектеп камера арқылы жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерге қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыс бойынша білім ордаларындағы жалпы бейнекамера саны - 4 мың 398. Бұдан бөлек 113 мектепте дабыл түймелері қосылған.
Бейнекамералар қосылған барлығы 181 мектеп, оның ішінде 154-і жалпы білім беретін (лицей, гимназия) және 27-і жеке меншік мектеп.
Мектептер мен балабақшаларда орналасқан дабыл түймелерін басу арқылы, мекен-жай бойынша полиция жасағын шақыртуға болады.