Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызмет басқармасы және Жаңаөзен қаласы ПБ қызметкерлерімен әлеуметтік деңгейі бойынша аз қамтылған отбасыларға «Мектепке жол» акциясы негізінде көмек көрсетті, дее хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл – Мемлекет басшысының бұйрығымен бекітілген «Балалар жылы» аясында өткізілген шаралардың бірі.
Атап өтейік, акцияның мақсаты тұрмыстық жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл — балалардың жаңа оқу жылын ерекше ынтамен бастауына да ықпалын тигізетін игі істердің бірі.
Жаңа оқу жылының басталуына орай бүлдіршендерге полиция қызметкерлері оқуға қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.
- Баршаңызды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Сәттілік тілейміз, біз өз тарапымыздан қашан да көмектесуге дайынбыз, - деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары А.Бөлекбаев.
Өз кезегінде ата-аналар мен мектеп табалдырығын аттағалы жатқан оқушы балақайлар алғысын білдірді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім алушы жастарға сәттілік тіледі.